Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған қазақстандықтың несие алуы қиындай түспек: Жаңа ереже енгізілді

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда банктер несие алушыларға қойылатын талаптарды қатаңдатпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушыны "жоғары тәуекелді" деп тану критерийлерін кеңейтті. Тиісті қаулы агенттіктің сайтында жарияланды.

“Жоғары тәуекел” деңгейіне мынадай азаматтар кіреді:

- несие тарихы 3 жылдан аз;

- соңғы бір жылда 30 күн ішінде 3 АЕК-тен астам қарыз мерзімі өткен болса;

- үш қаржы ұйымында өтелмеген несиелері бар;

- несие төлемі айлық табыстың 45%-ынан асса;

- несие тарихы теріс болса;

- табыс көзі расталмаған болса. 


Қазақстандықтар несиені көп алса, табысы да жоғары екенін білдіреді – Министр

Жалақысы 200 мың теңге, ал несиесі екі есе көп: Сот банктерді қазақстандық көпбалалы анаға көмектесуге міндеттеді


"Шамадан тыс қарызға бату қаупін азайту мақсатында несие берердің алдында және кейін дефолт ықтималдығын бағалау талаптары, сондай-ақ жеке тұлғалардың төлем қабілетін бағалау кезінде жоғары дефолт қаупі триггерлері енгізіледі", – делінген қаулының түсініктемеде.

Егер банк несие бойынша дефолт қаупін жоғары деп есептесе, мұндай қарыз алушыны тұрақты түрде тексеріп отыруға міндеттеледі. 

Егер қарыз алушы бастапқыда жоғары тәуекел тобына жатса, банк оған қайта құрылымдау шарттарын ұсынуы тиіс. Бұл норма банк сот немесе коллекторлар арқылы автоматты түрде қарызды өндіріп алудың орнына, алдымен қарыз алушыларға қарызды реттеу жолдарын ұсынуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар банктер қарызды сотқа жүгінбей өндіріп алу шараларын бастамас бұрын қарыз алушылардың өмірлік жағдайларын ескеруге міндеттелді. Енді несие берушілер клиенттің қиыншылықтары уақытша ма, әлде ол ауыр жағдайда ма екенін бағалап, қайта құрылымдау ұсынуы қажет.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда несие берген кезде зейнетақы мен жәрдемақыны табыс ретінде есептеуге тыйым салу ұсынылған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 11 Тамыз, 2025 20:54
Талқылау
`