Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мың бөлке нан пісіріп әкелдік: Қырғызстандық дүнгендер Қазақстанға азық-түлік пен ақша тасуда

Қордай ауданының ауылдарындағы жағдай қазір тұрақтанып келеді. Жергілікті тұрғындардың тыныштығын тәртіп сақшылары күзетуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап. 

дүнгенСурет: express-k.kz сайтынан

Қордайлық ауылдарда бірнеше жеңіл көлік мінген жүргізушілер жергілікті халықтарға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды таратып жүр екен. Осылайша біз зардап шеккендерге көмектескіміз келетіндігін көрсеттік дейді Қырғызстан азаматтары.

"Біз Қырғызстанның Миляфан дейтін дүнгендер қоныстанған ауылынанбыз. Өзіміздің бауырларымыздың жағдайын есітп, оларға жәрдемдескіміз келді. Олар бізге жат емес, бұл ауылда таныстарымыз бен туыстарымыз ба. Менің өзім Масанчиде туып-өстім, ағылшын тілінің мұғалімімін. Бұл жерде менің ағам тұратын, мектеп директоры болып жұмыс істейді. Бірақ оның үйін өртеп жіберген. Сол себепті ол Қырғызстанның Тоқмақ қаласына өтіп кетті. Масанчиге оралмады. Бірақ басқалары Қазақстанға қайтып келіп жатыр. Біз мың бөлке нан пісіріп әкелдік. Бұған қоса тұрғындарға түрлі дақылдар, күріш, төсек жабдықтарын, жөргектер мен 10 мың сом (шамамен 54 000 теңге) ақша бердік", - деп қосты Халима Щимарова. 

Еске салайық, бұған дейін Масанчиде қаза болған қазақ тілінің мұғалімінің туыстары болған жағдай туралы айтқан еді. 

 

Талқылау