“Милан” сапында доп тепкен Александр Меркель елордалық клубқа ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған Александр Меркель енді елордалық "Жеңіс" клубының намысын қорғайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Александр Меркель ұлттық құрамадағы дебютін 2015 жылы Исландияға қарсы өткен жолдастық матчта жасаған. Алайда кейін құжаттарына байланысты мәселелер туындап, ол ұлттық құрама сапына шақырту ала алмады.
Александр Меркель Алматыда дүниеге келген. Алты жасқа толған соң отбасымен бірге Еуропаға қоныс аударған.
Футболшы клубтық мансабында "Милан", "Дженоа", "Удинезе", "Уотфорд", "Грассхопперс" клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ Германия, Сауд Арабиясы, Түркия, Нидерланды және Австрия чемпионаттарында доп тепкен.
Оның соңғы клубы Дубайдың "Легентус" командасы.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"