Мейрамбек Беспаевтың әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)
Мейрамбек Беспаев інісі Мейірбек Беспаевты үйлендіріп, келін түсірген болатын. Араға бір апта салып, Беспаевтар әулетінде үлкен той тойланды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қазақтың салт-дәстүрін бұлжытпай орындаған Беспаевтар алдымен Шиеліге барып, қызға сырға салған. Артынша қыз ұзату тойынан кейін, Беспаевтардың әулетіне Рабиға есімді ару келін болып түскен еді. Ата дәстүр жолымен беташар рәсімі өткізіліп, Мейрамбектің әулетіне ағайын-туыс, дос-жарандары түгел жиналған болатын.
Беташарды жүргізген танымал актер Сафуан Шаймерденов ортаға Мейрамбекті қайын ата, ал оның жұбайы Мархаббатты қайын ене ретінде шақырды. Жұрт Мейрамбек пен Мархаббаттың жастай ата-ене атанғандарын түсінбеді. «Мейрамбектің әке-шешесі тірі бола тұра, мұнысы несі?» – деп сөкті халық. Алайда кейбір желі қолданушылары: «Мейірбек ағасының ұлы, Мейрамбектің қолында өскендітен де, ата-ене атанып жатыр», – деп жазды.
Күні кеше Беспаевтар әулеті екі жастың үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Думанды жиынға қазақтың жақсы-жайсаңдары түгел дерлік жиналды.
Жіберіп алмаңыз:
Жарнамаға түскен Мейрамбекке қыздар бұрынғыдан да қатты ғашық болып қалды (фото)
Мейрамбек Беспаев магистратура экзаменін тапсырды (фото)
Мейрамбектің ізбасары Нұрмұхаммед киноға түсті (фото, видео)
Мейрамбек Беспаевтың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)