Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев магистратура экзаменін тапсырды (фото)

Әнші Мейрамбек Беспаев 16 тамыз күні магистратура экзаменін тапсырды. Әзірге қандай нәтиже көрсеткені белгісіз. Желі қолданушылары оны алдын ала құттықтады.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық көптеген жұлдыздар әншіліктен бөлек бизнес ашып, өздерінің жеке кәсіптерін қолға алған. Бұдан өзге әншілер ЖОО қабырғасында білім алып, магистратураға түсуді жөн көрген. Олардың қатарында Айқын Төлепберген, Қайрат Нұртас , Мейрамбек Беспаев сынды жұлдыздар бар. Бірер күн бұрын ойға алғаны орындалып, Мейрамбек Беспаев магистратура емтиханын тапсырды. Әзірге нәтижесінің қандай болғаны белгісіз.

Десе де, желі қолданушылары әншіні алдын ала құттықтады. Оған сәттілік тілеп, жақсы көретіндіктерін айтты. Арасында оның салмақ қосқанын тілге тиек етіп әжуалағандар да болды.

“Құтты болсын! Таудай талабыңызға Алланың нұры жаусын!”, “Магистрант болуыңызбен”, “Сәттілік! Оқудың ерте-кеші жоқ. Ақжол, Мейрамбек! ”, “Ағылшыннан қанша алдыңыз?”, “Аға, сіздікі семір, семір және семір болып бара жатқан жоқ па?” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаевтың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

40 жастағы Мейрамбек Беспаев ЕҰУ-ге оқуға түспек

Ұлықпан Жолдасов пен Мейрамбек Беспаев “Ханшайымым” әнін гитара және домбырамен орындады (видео)

Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

Жарнамаға түскен Мейрамбекке қыздар бұрынғыдан да қатты ғашық болып қалды (фото)

Талқылау