Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 жастағы Мейрамбек Беспаев ЕҰУ-ге оқуға түспек

Әнші Мейрамбек Беспаев биыл магистратураға тапсыратынын айтты.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық көптеген жұлдыздар әншіліктен бөлек бизнес ашып, өздерінің жеке кәсіптерін қолға алған. Бұдан өзге әншілер ЖОО қабырғасында білім алып, магистратураға түсуді жөн көрген. Олардың қатарында Айқын Төлепберген мен Мейрамбек Беспаев бар.

“Адам білімге ұмтылуды, ізденісті ешқашан тоқтатпауы керек. Биыл еліміздегі Бас жоғары оқу орындарының бірі, жақында ғана жиырма жылдық мерейтойын өткізген Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына тапсырып көрмекпіз. Осы университетке оқуға түсуге үміткер барша жастарға сәттілік тілеймін!” – дейді Мейрамбек Беспаев.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасты. “Сізді қатты жақсы көремін! Алла сізге екі өмірдің де бақытын нәсіп етсін!”, “Оқы, оқы және оқы. Оқу инемен құдық қазғандай демекші, білімді жетілдірген жақсы ғой, балмұздақ мырзалар”,

Бұл тағы бір мәрте Мейрамбектің қандай адам екенін көрсетті. Ертең балаларымызға білім беретін боласың! Сәттілік!, “Құрдас, Алла сәтін салып түсіп кет!” деп желі қолданушылары ақ тілектерін жаудырды.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлықпан Жолдасов пен Мейрамбек Беспаев “Ханшайымым” әнін гитара және домбырамен орындады (видео)

Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

Мейрамбек Беспаев смарт-альбомын шығарды

Қайрат Нұртас Мейрамбектей әншілердің қадірін кеш түсінуден сақтандырды

Талқылау