Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Мейрамбектей әншілердің қадірін кеш түсінуден сақтандырды

Әнші Қайрат Нұртас өнердегі ағаларына алғыс айтты.

13745052_1732946973634330_1148191872_n

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат Нұртас бала күнінде Ұлықпан Жолдасов, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Бүркіт сынды ағаларына еліктеп өскенін айтады. Тіпті бір кездері қайтарымына Мейрамбек Беспаевтан сыйлық алу үшін оған қолындағы барын ұсынған екен.

Артынша өнердегі ағасы інісінің ниетін түсініп, оған қолындағы сағатын тарту еткен. Әнші өнердегі ағаларына бүгінде де еліктейтінін айтып, оларға деген алғысын бір ауыз тілегімен жеткізді.

“Бала кезден әнін тыңдап, еліктеген ағаларымызбен бүгін де, Алланың қалауымен, күнде кездесіп, пікір алмасып жүрміз! “Күнде көрген таудың биіктігі байқалмайды” деген бар! Осындай ағаларымыздың қадірін кеш түсінуден, уақытында сай құрмет көрсетпеуден сақтасын!

Қазақтың маңдайына бақ боп біткен аға-әпкелерім аман болсын! Мейрамбек ағамның мен үшін орны ерекше! Кездескенде беттеріңізге айтпасам да, інілік ақ қөңілімді, құрметімді осылай қабыл алыңыздар!” – дейді Қайрат Нұртас.

Әншінің бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары оның кішіпейілділігіне риза болды. Қос әншіге ұзақ ғұмыр мен шығармашылық табыс тіледі.

“Жарайсың! Алла тағалам сені де дәл сондай биіктерге жетелесін. Әрдайым сәттілік жаныңда болсын!”, “Қазақтың қос мақтанышы! Арман-мақсаттарыңа жетіңдер!”, “Қайрат, сен керемет жансың!”,  “Қайрат, Мейрамбек – қазақтың қос мақтанышы, қайда жүрсеңіздер де аман жүріңіздер!” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Беспаев пен Болманов күтпеген жерден Анталияда кездесті (фото)

Қайрат Нұртастың гироскутердегі биі қыздарға ұнап қалды (видео)

Ноғай әншісі Қайрат Нұртастың хит әніне бейнебаян түсіріп алған (видео)

Беларусь ақыны Қайрат Нұртасқа орысша ән айтуды ұсынды

Талқылау