Беларусь ақыны Қайрат Нұртасқа орысша ән айтуды ұсынды

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 11:00

Белгілі ақын Қайрат Нұртастың орындауындағы “Жаным” әнін Белоруссия жұртының сүйіп тыңдайтындығын айтты. Мұнымен қатар, әншіге аталған туындыны орыс тілінде орындауға ұсыныс жасады.

13259579_280780428976864_1933385500_n

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат Нұртас сәуір айының 3 жұлдызында тыңдармандарына “Жаным” атты жаңа әнін ұсынған болатын. Алайда көп ұзамай аталған әннің “Алтын жүрек” фильмінің саунтрегі екені анықталған-ды.

Ән ұрланғанына қарамастан, көптің көңілінен шыққан. Тіпті, беларусь ақыны аталған әнге орысша мәтін жазып, оны Қайрат Нұртасқа ұсынған. “Орысша ән сал” деп қолқа салған.

“Осы әнді қатты ұнатқан беларусь ақыны орыс тілінде мәтін жазып жіберіпті. “Белоруссияда қазақ тілінде де тыңдап жүр, бірақ орыс тілінде бір ән айтса тіпті жақсы болар еді” деп қолқа салып жатыр. Сіздер қалай ойлайсыздар?” – дейді Қайрат Нұртастың директоры.

Көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі қажет болса қазақша тыңдаулары керектігін айтса, енді бірі мұның артықтық етпейтінін тілге тиек еткен.

“Орысша айтпай-ақ қойыңыз. Қазақша жаттап, айтып жүре берсін”, “Қазақша тыңдай берсін! Сіз осылай қазақ өнерін көтеріп жүрсіз!”,  “Әр қырыңнан бағыңды сынай бер. Нағыз қазақтың жігітісің ғой. Өзіңді көрсет. Қажет болса орысша, ағылшынша ән сал” дейді олар.

Ал әзірге әншінің қандай шешім қабылдағаны белгісіз.


Жіберіп алмаңыздар:

Қайрат Нұртас отырған ұшақ Қазақстанға қона алмай кері ұшқан (видео)

Қайрат Нұртас: Меккеге мақтану үшін емес, жүрегімнің қалауымен келдім

Қайрат Нұртас пен Айдар Тұрғанбеков қажылыққа аттанды (фото, видео)

Әнші Қайрат Нұртас мешіт салдырмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар