Қайрат Нұртас: Меккеге мақтану үшін емес, жүрегімнің қалауымен келдім

Сәрсенбі, 22 Маусым , 2016 9:52

Әнші Қайрат Нұртас өзін мақтаншақ деп сынаған желі қолданушыларына жауап берді.

image

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Қайрат Нұртас пен Айдар Тұрғанбековтың Меккеге аттанғанын естіп тыңдармандары қуанған-ды. Мұнымен қатар, әншінің кей әрекетін желі қолданушылары мақтаншақтыққа балаған болатын. Қайрат өз кезегінде тыңдармандарына сәлем жолдап, Меккеге тек жүрегінің қалауымен келгенін айтты.

“Менің сүйікті оқырмандарым, бұл қасиетті қалаға Алланың қалауымен табан тіредік. Кейбіреуіңіз жазып жатқандай, жұртқа жариялап мақтану үшін емес, жүрегімнің қалауымен келдім! Қуанышыммен, ерекше толқынысыммен бөлісу арқылы сіздердің де осы жаққа келуге құлшыныстарыңыз арта түссе екен деген ниетім бар. Себебі шын қалап, Алладан сұрасаңыз, бәрін өз көзіңізбен көруге мүмкіндік беру оған оп-оңай!

Достарым, тек жақсылықпен бөлісейік. Ерсі, ашық-шашық дүние толған ғаламторға Алланың үйін салсам, бұл әрекетімнен әбестік көрмеңіздер. Тек жақсы жағын алыңыздар! Барша 1 млн 200 мың оқырманым, Жәннатқа лайық болып, осы жерге келулеріңізді нәсіп етсін! Жақсылыққа шақырудан жарысайық! Қасиетті айда тек жақсы сөз айтып, сауабымызды еселейік!” – дейді Қайрат Нұртас.

Тыңдармандары әншінің бұл ойын құп көрді. Арасында осыған дейін жазған пікірлеріне бола кешірім сұрағандар да болды.


Жіберіп алмаңыздар:

Қайрат Нұртастың жасаған қайырымдылығы жұрттың пікірталасына айналды (фото,видео)

Қайрат Нұртастың ШҚО-дағы концерті террористерден сақтану мақсатында болмауы мүмкін

Қайрат Нұртас допинг дауына ілінген Ильяға қолдау білдірді

Әнші Қайрат Нұртас мешіт салдырмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Батыр says:

    Ниеттерін, тілектерін қабыл болсын. Жұрттың сөзіне құлақ аса берме, жүрегінді тыңда. Әрбір шоқып жеген кептерлердің дәні арқылы саған да сауап жазыла береді. Ал киген киімдерін тамаша жарасып тұр. Ихрамға киініп жүргенде көресін Алланың құлдарының бәрі-бәрі патшада, құлда, қойшы да, әншіде, байда, жар да бірдей болып шыға келеді. Керемет сезім. Қажылыққа бару әрбір мұсылманның парызы. Парызды өтеуге асығыныздар !!!

  • Батыр says:

    Ниетінді, тілегінді Аллатағала қабыл етсін Қайрат балам. Өте дұрыс істегенсін мұнда тұрған еш артық нәрсе жоқ. Бұл ісінді көріп осылай жақсы игі істерді бізде жасасақ деп жастар талпынады. Қажылық жасау бұл әрбір мұсылманның парызы екенін ұмытпайық ағайын. Парызды өтеуге асығыныздар !

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар