Қайрат Нұртастың жасаған қайырымдылығы жұрттың пікірталасына айналды (фото,видео)
Желі қолданушылары әнші Қайрат Нұртастың Рамазан айындағы қайырымдылығына байланысты пікір таластырды. Көпшілігі өзге елдің құстарына қаппен жем шашқан әншінің қылығын сынаған. Олар Қайрат Нұртастың бұл ісін өзге елде әрі оны жұртқа көрсете отырып жасаған мақтаншақтығы деген. Ал тағы бір азаматтар мұның жұртқа үлгі боларына сенімділік танытып, Қайрат Нұртастың өз елімізде көптеген мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп отыратынын айтқан.
Бұдан өзге Қайраттың “Жігіттер” тобы әншісімен түскендегі киімін ерсі қабылдағандар да болды.
Фото опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)
Тыңдармандары арасында әншіні қажылықта дегендер көп. Дегенмен бұл ақпараттың қаншалықты рас екені қазірге белгісіз.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"