Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас допинг дауына ілінген Ильяға қолдау білдірді

Танымал әнші Қайрат Нұртас допинг дауына іліккен спортшы Илья Ильинге қолдау білдірді.

image

Фото: instagram.com/kair_n/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) Олимпиада ойындарында допинг қолданды деп күдікке алынған спортшылардың қан сынамаларын зерттеп, қорытындысын жариялады. Аталған тізімге 2012 жылғы Олимпиада ойындарында еліміздің абыройын асқақтатқан спортшылар Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедова енген.

Десе де, жанкүйерлері бұл ақпаратқа сенбейтіндіктерін айтып, сүйікті спортшыларын әрдайым қолдайтындықтарын жеткізді. Олардың қатарында танымал әнші Қайрат Нұртас та бар.

01

“Илья бауырым, біз сенімен біргеміз! Біз үшін сен мәңгілік чемпионсың! Әлі талай белестерге жетеміз, Алла қаласа!” – дейді Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары әншінің сөзіне қосылып, спортшыны қолдай түсті.

Қазақстандық спортшылардан бөлек, ресейлік Апти Аухадов, әзірбайжандық Боянка Костова, украиналық Юлья Калина, беларус Дина Сазановец, Евгений Жерносек пен Марина Шкерманкова енген.

Әзірге қауымдастық спортшылардың есімдері мен қандай тыйым салынған препарат қолданғанын жариялағанымен, қандай шешім қабылданатыны туралы айтпаған.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Қайрат Нұртас мешіт салдырмақ

Қайрат Нұртас әріптесінің әнін жанды дауыста орындап жұртты тамсандырды (видео)

Қайрат Нұртас өз денсаулығына Головкиннің алаңдап жүргенін айтты

Илья Ильин халықтан өзін қолдауды сұрады

Талқылау