Мейрамбектің ізбасары Нұрмұхаммед киноға түсті (фото, видео)

Сенбі, 27 Тамыз , 2016 17:21

Мейрамбек Беспаевтің өнердегі дара жолын қайталап келе жатқан кішкентай өнерпаздардың бірі әрі бірегейі – Нұрмұхаммед Жақып. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мейрамбекті танымал еткен «Бозторғай» әнін орындаған бүлдіршіннің талантына таңданбаған жан жоқ шығар!

2DTMV6UuVm8
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мейрамбектің ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың өзі жас дарынның өнерін жоғары бағалаған еді. Талантты бала дәл Мейрамбек ағасы сияқты киноға түсті, тіпті алғашқы беянебаянын да түсіріп үлгерді.

«Мейірім аңсағандар» атты кинофильмге түскен Нұрмұхаммед онда жетім баланың досының рөлін сомдайды. Туындыны «Мейрам» балалар киностудиясы түсірген. Осы орайда Нұрмұхаммедтің ата-анасы Ибрагим Жақып пен Гүлмира Махмұтқызы Stan.kz тілшісіне сұхбат берген еді.
SPh3LIeYFPA

«Осыдан бір ай бұрын киностудиядан хабарласып, осындай тақырыпта фильм түсірілетінін айтып, Нұрмұхаммедті “Мейірім аңсағандар” кинокартинасына түсуге шақырды. «Нұрмұхаммедтің “Бүлдіршін тілегі” атты әнін фильмге саундтрек етейік, фильмнің желісін де әннің сөзіне қарай жасайық” деген режиссердің ұсынысын қабылдадық», – дейді Ибрагим Жақып.

_b92TjdYFJE

Саундтрек болған Нұрмұхаммедтің әнінің бейнеклипі жақын арада телеэкранға шығады. Ал алдағы күзде кинофильмді де тамашалайтын боламыз.

«Бұл фильмде Нұрмұхаммед жетім баланың досы болып ойнайды. Өздеріңіз де білесіздер, халық арасында «кинодағы оқиға өмірде де қайталануы мүмкін» деген пікір бар. «Балаға мұңлы өлең де айтқыза бермеңдер» деп айтатындар көп», – дейді жас таланттың анасы Гүлмира Махмұтқызы.

Бүгінде фильм де, оның саундтрегі де дайын. Алайда 9 жастағы Нұрмұхаммедтің ата-анасы әзірге бұл туындының дайын нұсқасын көрмепті. «Оған жүрегіміз дауаламай тұр», – дейді ата-ана.

«Ұлыңыздың актерлік шеберлігіне қандай баға бересіз?» деген тілші сауалына Нұрмұхаммедтің әкесі: «Нұрмұхаммед – талантты бала, бойына Алла дарын берген. Актерлік қырынан танылып жатса да таң қалмаймын. Бірақ Нұрмұхаммед актер емес, бірінші кезекте әнші», – деп жауап берді.

Айта кетейік, Нұрмұхаммед бұған дейін де жетімдер туралы “Сәби бақыты” әнін орындап, жұртты тәнті еткен еді.

Ал біз кішкентай болса да өз тыңдарманын тауып, халықтың жүрегінен орын алған Нұрмұхаммедке Мейрамбек ағасының жолын берсін деп тілейміз!

Жіберіп алмаңыз:

Жарнамаға түскен Мейрамбекке қыздар бұрынғыдан да қатты ғашық болып қалды (фото)

Мейрамбек Беспаевтың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Мейрамбек Беспаев қандай діни кітаптар оқитынын айтты

Ұлықпан Жолдасов пен Мейрамбек Беспаев “Ханшайымым” әнін гитара және домбырамен орындады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ия Мейрамбек агасынын дарежесиндей Аллатааала бак берсин

  • Анонимно says:

    Алла гумырын узак кылсын

  • Асхат says:

    Алла тил козден сактасын! Осы баланын дауысын естисем букил денем туршигип, кара терге тусемин. ….

  • Анонимно says:

    Аллам жар болсын тіл көзден сактасын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар