Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев қандай діни кітаптар оқитынын айтты

Мейрамбек Беспаев дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлының еңбектерін сүйсініп отырып оқитынын жеткізді.

0

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Діннің тазалығы бір ғана Мейрамбектің емес, барша адамзаттың жанды жеріне айналып отыр. Бұл соңғы кезде түрлі ағымның пайда болуымен байланысты. Әсіресе, өнер адамдарының арасында дінге бет бұрып, әлеуметтік желі арқылы оны насихаттаушылар көбейген. Бірі мұны іс-әрекеті арқылы, екіншілері сөз саптауының өзгергендігімен байқатады. Осы орайда, Мейрамбек Беспаев өзінің қандай діни кітаптар оқитынын айтып өтті.

“Діни мәселелерге байланысты көптеген сұрақтарымның жауабын осы кітаптан таптым. Елімізге белгілі дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлының “Дін мен Діл” , “Имани гүл” еңбектерін оқуларыңызға кеңес беремін. Қайреке, дінімізге сіңірген еңбегіңіз үшін сізге Алла разы болсын!” – дейді Мейрамбек Беспаев.

Желі қолданушыларының бірі кітапты қайдан алуға болатынын сұраса, екіншілері одан бұл кітаптарды оқымауын өтінді. “Осы кітапты оқыған адамдар намазға бет бұрады. ИншАллаһ кейбір әнші қыздарға сыйға беру керек шығар. Шамалы болса да жүректеріне иман барып, инстаграмға ашық-шашық суреттерін салмайтын еді”, “Қайдан алуға болатынын да жазып қойыңызшы. Сізді сүйетін бүкіл кісілер оқитын болады” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Жарнамаға түскен Мейрамбекке қыздар бұрынғыдан да қатты ғашық болып қалды (фото)

Мейрамбек Беспаевтың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

40 жастағы Мейрамбек Беспаев ЕҰУ-ге оқуға түспек

Ұлықпан Жолдасов пен Мейрамбек Беспаев “Ханшайымым” әнін гитара және домбырамен орындады (видео)

Талқылау