Мейрамбек Беспаев келін түсіріп, қайын ата атанды (фото, видео)

Дүйсенбі, 5 Қыркүйек , 2016 11:03

Мейрамбек Беспаевтің інісі Мейірбек Беспаев шаңырақ көтерді. Ал халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев құда атанды.

 

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мейрамбек Беспаев Рабиға арудың ұзату тойынан үзінді жариялап: «Шиеліге барып құда болып қайттық. Қуанышымызда шек жоқ. Мейірбек-Рабиға бақытты болыңдар!» – деп халықтан сүйінші сұрады. 

Қазақтың салты бойынша, Беспаевтар әулеті Шиеліге барып, қызға құда түскен. Дәл осы күні дәстүр бойынша «сырға салу» рәсімі өтіп, кешқұрым қыз ұзату тойы тойланған. Мейрамбектің жұбайы Мархабат болашақ келініне сырға тақты.

Айта кетейік, Мейрамбектің жары Мархабат та Қызылорда облысының тумасы. Жаңа түскен келіндері де аталмыш облыстың Шиелі ауданынан.   

Желі қолданушылары Мейрамбекті қайын аға болуымен құттықтап, екі жасқа бақыт тіледі. Қызды көтеріп алып шығу – қазаққа жат қылық екенін айтып, ренжігендер де табылды.

«Екі жас бақытты болсын», «Қайын аға болуыңызбен, Мәке», «Құдалығың мыңжылдық болсын», «Қалыңдықты көтеріп алу қазаққа ерсі», «Келінді көтеріп алып кетпесе бармай ма?» – деп жазды желі оқырмандары.

Келін түсіріп, құда болған Беспаевтар бұл қуанышты әнші Заттыбек Көпбосынұлының шаңырағанда жалғастырған ұқсайды. Оған Мейрамбектің мына бір жазбасы дәлел.

@zattybek нағашымның шаңырағында қуанышты бөлісіп отырған сəт.

Фото опубликовано @m_besbaev

Жіберіп алмаңыз: 

Италияға барған Мейрамбек жазғы демалысын Франция мен Ватиканда жалғастырмақ (фото)

Мейрамбектің ізбасары Нұрмұхаммед киноға түсті (фото, видео)

Мейрамбек Беспаев отбасын Римге апарып қыдыртты (фото, видео)

Мейрамбек Беспаев магистратура экзаменін тапсырды (фото)

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

15
Комментариев
  • Анонимно says:

    оған беташарда мəн берген ешкім болмағаныма əншілер кунде тойда емеспа?өте қызық жағдай екен

  • Анонимно says:

    Котреип кеткен куюи емес па, при чем тут Мейрамбек

  • Анонимно says:

    інісі ғой неге біздің қазақтар біреуді жамандауға құмар

  • Анонимно says:

    Мейрам бект и кайнага дейди? Кайнага сын ужас

  • Анонимно says:

    Осы бұрынғы СНГ ишинде ен еликтегиш халык ол биз. Әттең деймиз , озимиздин тамаша салт-дастуримиз бар , жок биз индоутка жасап анадан мынадан косып аламыз? Неге сондаймыз

  • Анонимно says:

    Мейрамбек кайынага боладв. Кайын ата емес

  • Анонимно says:

    Алматы, жамбыл жақта күйеубала қалыңдығын осылай көтеріп алып машинаға отырғызады.

  • Анонимно says:

    күйеуі ғой көтеріп алып кеткен

  • Анонимно says:

    Куйеуи емеспа котерип бара жаткан.Дурыстап караныз.Кайнагасы емес котерип бара жаткан.

  • Анонимно says:

    күйеуі көтеріп алып кетсе ол онша ерсі емес қой. ағасы көтеріп машинаға салғаны тіптен ерсі. Менің жынымды қоздырады осындай жаңадан енген салттар. кім бастаса да өте сауатсыз еліктегіш адам екен

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар