Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияға барған Мейрамбек жазғы демалысын Франция мен Ватиканда жалғастырмақ (фото)

Мейрамбек Беспаев жазғы демалысында Италиядан өзге мемлекеттерге де саяхаттауды жөн көрген екен. Ол өзінің инстаграм парақшасы арқылы Франция мен Ватиканда түскен демалысының суреттерін бөлісті.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Мейрамбек Беспаевтың отбасымен бірге Италияда демалып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Әншімен бірге өнердегі достары Нұрмұқасан Шахзодаев пен Арман Дүйсенов те барған. Олар да өз кезегінде балаларымен бірге  барған.

Бастапқыда Италияның мәдени ошақтарын аралап, артынша саяхаттарын Ватикан мен Францияның Кан аймағында жалғастырған. Олар арал маңындағы шипажайлардың бірінде демалды. Мұнымен қатар, Мейрамбек туған елінің құстарын сағынып жүргенін бірауыз өлең жолдарымен жеткізді.

14134736_758381497597676_453189129_n

14033426_1755750141350316_321311969_n

“Теңізде үлкен-кіші кеме жүзген,
Көңілім соны көріп елегізген.
Құстарын туған жердің сағынамыз,
Қалықтап шағала ұшса төбемізден”, – дейді ол.

Желі қолданушылары әншінің қуанышын бөлісуге асықты. Әсіресе, қыз қауымы әншінің суреттеріне тамсана қарап, жылы лебіздерін білдіріп жатты.

13736066_1770567866519458_265363006_n

“Құдай, жанымның өлеңі күшті”, “Керемет! Жақсылап демалып қайт! Аман-есен елге оралыңдар. Сізді құрмет тұтамыз”, “Мәке, отбасыңмен аман-есен елге оралуыңа шын жүректен тілектеспіз”, “Көк теңіздей әдемі көтеріңкі көңіл-күй тілеймін”, “Мейрамбек өзінің еңбегінің арқасында жетістікке жетті. Қайда демалам десе де, өз еркі. Даусыңнан айналайын, інім. Дүниенің төрт бұрышын арала. Саған бәрі жарасады. Артыңда тілекшің, халқың бар күтіп отырған. Алла саған денсаулық, отбасыңа амандық берсін” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаевтың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

40 жастағы Мейрамбек Беспаев ЕҰУ-ге оқуға түспек

Ұлықпан Жолдасов пен Мейрамбек Беспаев “Ханшайымым” әнін гитара және домбырамен орындады (видео)

Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

Талқылау