Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейірімді лабрадор: Түлкі жеп қойған тауықтың балапандарын ит асырап алған

Эссекстегі Maунтфитчeт қамалында Фред деп аталатын лабрадор тұрады. 10 жасқа келген итте ешқашан күшік болмаған екен. Бір күні көрікті жерлерді қарап жүретін қызметкер қамал аумағынан тоғыз балапан тауып алған.

Түлкі жеп қойған тауықтың балапандарын ит асырап алған

Бұл туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Балапандар қараусыз болғандықтан қорқып, топтасып алған екен. Қожайыны тауып алған балапандарды көрген Фред олармен ортақ тіл табысуға шешім қабылдаған. Содан ол, аналарын түлкі жеп қойған балапандарды жалғыз тастамай, оларды толық өз қамқорлығына алған.

Түлкі жеп қойған тауықтың балапандарын ит асырап алған

«Бұл балапандар бірнеше күннің ішінде Фредке бауыр басып қалған. Олар тіпті иттің басына шығып, арқасына отырып алып серуендеп жүреді. Жетім балапандардың Фредке үйреніп кеткені соншалық, оған еркін жүруге мүмкіндік бермейді. Ал ит болса, тіпті олармен жүзуге де барады»,- дейді Фредтің қожайыны Джереми.

Түлкі жеп қойған тауықтың балапандарын ит асырап алған

Енді Фред пен оның тоғыз баласы ажырамас отбасы. Олар тіпті Фредпен бірге ұйықтап, барлық жерде оның артынан қалмайтын көрінеді. Ал тауықтың балапандарын асырап алған әкеге оларға қамқорлық көрсеткен қатты ұнайды екен.

Түлкі жеп қойған тауықтың балапандарын ит асырап алған

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау