Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам намаз кезінде азаматтың аяғының астындағы телефонды ұрлап кеткен (видео)

Алматыда намаз кезінде ұрлық жасаған ер адам ұсталды. Ол мешітте намаз оқыған азаматтың ұялы телефонын аяғының астынан алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видұрлық

Видеодан скриншот

Көп ұзамай 42 жастағы В. есімді жұмыссыз азамат ұсталды. Оның ұрлық жасаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Зардап шегушінің айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде намаз оқу кезінде телефонын еденге, аяғының астына қойған. Затының жоғалғанын тек намаздан кейін ғана байқаған. Арыз түскен күні полицейлер күдіктіні қолға түсірді.

“Ұрланған IPhone ұрының өзінде болған. Ұсталған күдікті өз ісін мойындап, бұл үшін өкінетінін айтқан. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді”, – деді Әуезов ауданы ПБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Елнұр Құдретбаев.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда Өзбекстан азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасағаны туралы хабарлаған едік. 22 жастағы мигрант елордаға маусым айының соңында келген.

Талқылау