Мешіт маңына шошқа майын лақтырып кеткен америкалық 15 жылға қамалды
Америкалық Майкл Вольф мешітке шабуыл жасап, қорлағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Florida Today басылымына сілтеп Stan.kz.
2016 жылдың қаңтар айында ер адам АҚШ-тың Флорида штаты Тайтусвилл қаласындағы Масджид әл-Мунин мешітінің терезелері мен шамдарын пышақтың көмегімен шаққан. Мұнан кейін мешіт есігінің маңына шошқа майын лақтырып кеткен.
Қаскүнемнің әрекеті сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сондықтан полицияға Вольфті ұстау қиынға соқпапты.
Вольф тергеушілермен келісімге келіп, өзінің кінәсін мойындаған. Ол ислам дінін жек көргендіктен аталған әрекетке барған екен. Бұл ретте сотталушыдан мешіттті тонауға әрекет жасау айыбы алынды.
Бұған дейін ер адам тонау, есірткіні заңсыз сақтау және басқа да құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет түрмеде тоғытылған екен.
Естеріңізге сала кетсек, былтырғы жылдың 11 қараша күні Франциядағы Ницце қаласындағы мешітке белгісіз адамдар шошқаның басы мен терісін тастап кеткен еді.
Оқи отырыңыз:
АҚШ Иерусалим үшін мұсылмандармен қақтығысып қалды
КСРО халық артисі Леонид Броневой өмірден озды
Мобильді қосымшаның кесірінен 29 баланың жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен