Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мобильді қосымшаның кесірінен 29 баланың жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен

Смартфондағы мобильді қосымшаны қосқан соң, 29 бірдей оқушының денсаулығына зақым келген. Олардың кейбіреулерінің басы ауырып, жүрегі айныса, басқаларының тіпті, есірігі ұстаған.

Бұл туралы “Интерфакс” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Ресейдің Липецк облысында орын алған. Мектеп оқушылары жаппай ауруханаға түсіп қалған соң, құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізуге кіріскен.

Тергеу дерегіне сүйенсек, оқушылар жаппай бір мобильді қосымшаны жүктеп алған. Көп ұзамай жасөспірімдердің жағдайы нашарлаған. Араларында есірігі ұстап, талып қалғандар да бар.

Дәрігерлердің айтуынша, емханаға түскен оқушылардан уланып қалу белгілері анықталған. Себебі білімгерлер басым ауырып, жүрегім айнып тұр деп шағымданыпты. Дегенмен, тергеушілердің пікірінше, оқушыларға смартфоннан таралған ультра-дыбыс әсер еткен болуы мүмкін.

 

Ауруханаға Липецктегі №35 мектептің 29 бірдей оқушысы түскен. Олардың дені 5-8 сыныпта оқиды.

Оқушылардың бірі ультра-дыбысты қосымшаны сабақ үстінде қосқан. Арада 5 минут өтер-өтпестен балалардың халі нашарлай түскен. Бұл туралы оқушылар жедел жәрдемге айтып берген.

Дәрігерлердің пайымынша, балалар психофизиологиялық әсердің ықпалына түскен.

 

Бір атап өтетін жайт, ауруханаға түскен оқушылар үш түрлі сыныпта оқиды. Олардың бір уақытта қалай ауырып қалғандары түсініксіз. Оны тергеу амалдары анықтайтын болады.

 

Жіберіп алмаңыз:

Бодибилдер түрмеге денесіндегі есірткімен бірге барған

Жеті жасар қызға азғындық жасаған мұғалім қамаудан құтылып кетті

Әжесі немересін шомылдырып тұрған кезде есінен танып, сәбиді өлтіріп қойды

Бейонсеге ұқсайтын америкалық қызды жанкүйерлері жүргізбей қойды

Талқылау