Меруерт Түсіпбаева: Сүйіп қалсам жасы 70-те болса да маңызды емес
Үнемі дау-дамайдың ортасында жүретін әнші Меруерт Түсіпбаева шын ғашық болып қалса, ер адамның жасына да, отбасылық жағдайына да қарамайтынын ашып айтты. Сондай-ақ, әнші екі арада бала болған жағдайда ғана сүйген адамына тұрмысқа шығатынын мәлімдеді.
Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
«Сүйіп қалсам, 5-мін ба, 14-мін ба, ол ажырасқан ба, ешқашан үйленбеген бе, 60-та ма, 70-те ме, 30-да ма, қарамайтын едім. Ең бастысы, мен оны, ол мені сүйсе, содан кейін ортада бала болса… Тек қана бала болса күйеуге шығар едім.
Шынайы ғашық болып қалсам, мүлдем ұйықтамай, қатты ауырып қаламын. Ғашық болып көрдім. Ғашықтық ол – кәдімгі тұмау немесе соқыр ішек сияқты ауру.
Қазір ауырып жүрген жоқпын. Өмірім тып-тыныш. Құдайға шүкір, өмірімде жалғыз емеспін. Меніңше, 45-тен асқаннан кейін әйел адамның ес-түссіз ғашық болуы мүмкін емес. Нақты білетінім, қазір 30 жасымдағыдай ғашық бола алмаймын», – деп мәлімдеді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Айдарқұловтың келіншегі: Ол қыз жүктілігін пайдаланып жатыр деп ойладым
Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа фотосессиясы желіні шулатып жіберді (фото, видео)
Баян Есентаева «Қазақ аруы» телехикаясының алғашқы кадрларын жариялады (фото, видео)
Қанат Әлжаппаров сұлулық пен домбыра сайысында жеңіске жеткен жерлестерін әжуалады