Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдарқұловтың келіншегі: Ол қыз жүктілігін пайдаланып жатыр деп ойладым

Күні кеше “Гламур для дур” фильмі жарыққа шыққан кезде жұрт Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың арасында сезім бар деп ойлады. Әзілқойдың келіншегі де осы ойда болса керек. Ол тіпті Ақбота өзінің жүктілігін пайдаланып, күйеуін тартып алғалы жатыр деген шешім шығарған-ды. Алайда соңғы ақпараттарға сүйенсек, мұның барлығы жалған болып шықты. Яғни әншінің сүйіктісі Дәурен Айдарқұлов емес.

аквуыцйй

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Баян Мақсатқызының инстаграм желісіндегі жазбасы отқа май құйғанмен тең болды. Продюсердің айтуынша, Ақбота өз сүйіктісін “Гламур для дур” фильмінің түсірілімі кезінде жолықтырған. Тіпті, жақын арада әншінің той көйлегін киетіні туралы да жазылды. Алайда елді дүрліктірген жазбалардың барлығы тек Баян Мақсатқызына ғана тиесілі емес.

Инстаграм желісінде Дәурен Айдарқұловтың жұбайы парақша ашып, отбасылық суреттерін бірінен соң бірін жүктеп, Дәуренмен ажыраспағанын ресми түрде жариялады. Тіпті дәлел ретінде неке куәліктерінің де суретін көрсетті. Ал араға бірнеше сағат салып жарияланған төмендегі мәтінді оқыған жұрт Дәурен мен Ақбота арасында достықтан өзге сезім бар екенін бірден түсінді.

“Көп адам “Сіз оны қалай ғана кешіре аласыз?” деп жазып жатыр. Бұл қиындықпен біз бір күн және бір ай өмір сүріп отырған жоқпыз. Менің жақындарым мұның барлығының қаншалықты ауыр өткенін жақсы біледі. Қазір болып жатқан шуға ашуланбадым, ойға салдым. Өзімді барлығынан босатып, Дәуренсіз өмір сүріп көрмек болдым. Бірақ бұл қолымнан келмеді. Шынайы махаббат өмірде бір-ақ рет беріледі. Мен не себепті оны босатып, өзге біреуге орнымды босатуым керек? Екеуін қатар көру қиын. Әсіресе балаларың бар кезде. Мұны дұшпаныма да тілемеймін. Бұрын біреу осылай айтып жатса, түсінбейтін едім. Бұл мен үшін өмірлік тәжірибе болды. Сүйіктің хабарласып, ол қыздың немен айналысып жатқанын айтқанда, аяғының ауыр екенін пайдаланып жатқанын түсінесің. Мұның барлығы сол қыздың арының еншісінде. Күйеуім әлгі қызбен бірге болғысы келе ме? Жоқ! Бұл жүз пайыз. Ажырасқысы келсе, мұны сонау жаз айларында жасаған болар еді”, – дейді Баян Әкімжанова.

пеакуый

Дегенмен, Дәуреннің жұбайының соңғы жазбасы басқа түссе көнемізге келіңкірейді. Жазбада келісімге келгендері жазылған. “Ол біздің тағдырымыз. Қайтеміз? Көнеміз де қоямыз. Амал жоқ. Жолдасымды екі отбасына бөлуге тура келіп тұр. Аллам барлықтарыңызға сабыр бере көр”, – деп өзін де, өзгені де сабырға шақырды.

Яғни басында Ақбота жүктілігін пайдаланып Дәуреннің басын айналдырып алды деп айыптаған Баян әншінің тоқал болуына келісімін берген сыңайлы. Ал тоқал алу мәселесі әдеттегідей үлкен талқыға түсетіні сөзсіз. Дегенмен, Ақбота Сейтмағамбет соңғы сұхбатында ешкімнің отбасын бұзбағанын, Дәурен Айдарқұловты жақсы көрмейтінін айтқан-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі Ләйлә Сұлтанқызына ерекше құттықтау жолдады (видео)

Бақытбек Есентаевқа кесілген үкім өзгеріссіз қалды

Әнуар Нұрпейісов болашақ жарына оқуға кеңес беретін 3 кітапты атады

«Музарт» тобының ізбасарлары анықталды

Талқылау