Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытбек Есентаевқа кесілген үкім өзгеріссіз қалды

Танымал продюсер Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа кесілген сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

esentaev0311-620x375

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

3 қараша күні Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жақында өткен қайта шағымды қарау шешімімен сот үкімі сол күйінде өзгеріссіз қалдырылды.Өзінің көлігінде жұбайын зорлап, бірнеше жерден пышақтаған Бақытбек Есентаев бірнеше қылмыстық бап бойынша айыпталуда. Б. Есентаев ҚР ҚК-нің 24-бап 3-бөлімі, 99-баптың 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-баптың 1-бөлімі (зорлау) 121-баптың 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылған еді.

Бұған дейін Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне кешірім беруге дайын екенін мәлімдеген еді.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Оқи отырыңыз:

Әнуар Нұрпейісов болашақ жарына оқуға кеңес беретін 3 кітапты атады

«Музарт» тобының ізбасарлары анықталды

Ninety one әншісі сахнада түшкіріп артынша акробатикалық жаттығу көрсетіп жіберді (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы құрбысы Гүлнұр Оразымбетованы жаңа бейнебаяны үшін сынап тастады

Талқылау