Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Әлжаппаров сұлулық пен домбыра сайысында жеңіске жеткен жерлестерін әжуалады

Танымал әзілқой, «Әзіл әлемі» театрының актері Қанат Әлжаппаров «Алтын домбыра» сайысында жеңіске жеткен қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов пен «Қазақстан аруы-2016» байқауында гран-при иеленген қызылордалық студент Гүлбану Әзімханды жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

канат кызылордалыктармен

Әлжаппаров жерлестерін (қызылордалықтарды) мақтан тұтатынын айтты. Алайда Сыр елінің қос бірдей тумасын өздерінің жерлестері Илья Ильиннің кебін кимеуге шақырды.

«Жарыс болса болды, біздің Ордалықтар тек бас жүлде алады шүкір. Екі мәрте “Алтын домбыра” иегері, белгілі ақын Мұxтар Ниязовты және «Мисс Қазақстан-2016» байқауының жеңімпазы Гүлбану қарындасымызды шын жүректен құттықтаймын. Әй, әйтеуір допинг-попинг ішкен жоқсыңдар ма? Кейін алып қойып жүрмесін тәж бен домбыраны», – деп жазды актер желідегі парақшасында.

Әлжаппаровтың астарлы әзілі желі оқырмандарын ду күлкіге қалдырды.

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт пен Айша балалар үйіне жаңа жыл кешін ұйымдастырып берді (видео)

Ділназ Ахмадиева Батырхан Шүкеновті келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады (видео)

Кентал мен Санда бір-бірінің орнын алмастыратын жұптарын тауып алды (фото)

Төреғали мен Еркенің «Алло» бейнебаянын бір жылда 17 миллион адам тамашалаған (видео)

Талқылау