Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің ол жерде болуым дұрыс емес": Ресейлік шенеуніктердің ұлдары әскер қатарына қосылудан бас тартқан

Ресейде жартылай мобилизация жарияланған күні "Популярная политика" YouTube каналының жүргізушісі Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың ұлына қоңырау шалған. Жүргізуші өзін әскери комиссариат қызметкерімін деп таныстырып, оны мобилизация аясында әскерге шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізуші тікелей эфирде Николай Песковқа келесі күні сағат 10.00-де медициналық тексеруден өтуге шақырады. Алайда шенеуніктің ұлы шақырудан бас тартып, бұл мәселені "басқа деңгейде шешетінін" айтқан.

"Ертең сағат 10-да, мен әлбетте келмеймін. Егер сіз менің Песков мырза екенімді білсеңіз, онда менің ол жерде болуымның дұрыс емес екенін түсінуіңіз керек. Мен мұны басқа деңгейде шешемін", - деп жауап берген 32 жастағы Николай.

Дмитрий Песков ұлының бұл әрекетіне сенбейтінін айтып, оның сөздері бұрмаланған деді. Бірақ сұхбат тікелей эфирде көрсетілген.



Дмитрий Песков "Подъем" басылымына оның ұлы мен оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары арасындағы әңгімеде "негізгі мазмұнның кесіліп тасталғанын" айтқан.

Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустиннің ұлы ретінде таныстырылған абонент Алексей Мишустин мобилизацияға қосылмайтынын, себебі Жоғарғы экономика мектебінде магистратурада оқып жатқанын айтқан. Сонымен бірге ол соғысқа қатысуға ниеті жоқ екенін, өзінің білімімен айналысатынын жеткізген.

Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Ресей президенті Владимир Путин елде жартылай мобилизация жариялаған. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мобилизация жарлығы аясында 300 мыңдай адам әскерге тартылатынын мәлімдеген.

Талқылау