Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Келе сала, бірнеше орынбасарын ауыстырған Алтай Көлгіновтің қарамағындағы тағы бір шенеунік қызметінен кетті. Еден жуып, есімі елге танылған қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп.  

кар

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді. 33 жасар елордалық шенеунік бұл қызметінде 2 жыл отырды. Осы жылдар ішінде еліміздедегі бас қаланың білім мәселесі күрделенбесе шешілді деп айту қиын.

Есесіне, еден жуудың эстафетасын бастап есте қалды. Оның бұл челленджін астана мектеп директорлары да жарыса жалғастырған еді. Ойлағаны оқушыларды еңбекке баулу еді. 

"Еден жуып, кеңсе тазалағанға 15-20 минут уақыт алады. Шаң сүртем, еден жуамын, мендегі кабинет үлкен емес", - деп жауап берген еді бір сұхбатында. 

Оқушыларға сыныпты тазалату деген қоғамдық пікірге нүкте қойғысы келген Жанғозиннің әрекеті Білім және ғылым министріне ұнамай қалған болу керек. 

Айта кетейік, Әнуар Жанғозиннің басшылығы кезінде мектеп асханасына қатысы да жанжалдар болған еді. 

Талқылау