"Менің атым Қожа" кітабы француз тіліне аударылды
Парижде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы атап өтіліп, "Менің атым Қожа" кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында "Менің атым Қожа" кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.
Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді. Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді.
Қазақстан тарабы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан мен Франция президенттері Елисей сарайының бағында бейресми әңгіме өткізіп, тазылармен серуендегенін жазғанбыз.