AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені әдейі видеоға түсіріп алған": Ерлан Орынбасаров балаларды не себепті балағаттағанын түсіндірді

Ерлан Орынбасаровтың даулы видеосы желіде тарады. Бейне кадрда әншінің балаларды балағаттаған сәті байқалады. Оқиғаны әншінің өзі түсіндіріп берді. 

Оқиға әнші тұратын үйдің ауласында өрбіген. Әнші ересек балаларға әлденені түсіндіріп, кейін ұрыса жөнеледі. Бұл видео желіде тез тарап кетті. 

Кейіннен әнші желіде жазба жариялап, не себепті мұндай қадамға барғанын айтты. 

“6 жасар балаңыздың толықтығын орысшалап балағаттап, күнде кемсітіп достарының арасынан 14-16 жастағы ересек балалар қуып жіберсе, әрбір ата-ананың жанына батады… Осындайда сіз эмоцияңызға ие бола аласыз ба?”, – делінген жазбада.

Әншінің айтуынша, ересек балалар өзінің 6 жасар баласын мазақтап, психологиясына кері әсер еткен. Ашуға булыққан әке эмоциясын жасыра алмағанын мойындайды. 

Желідегі оқырмандары әншіні қолдай бастады. 

“Қайырлы күн! Әрине, орыс тілділер тіл тигізетін болса, орнына қоятын едім мен де. Ешкімнің менің баламның жеке тұлғасына өтіп, тіл тигізуге хақысы жоқ”, “Балаңыз өте жақсы тәрбиеленген, томпақ өзі тәтті, ғұмырлы болсын. Бақытты болсын”, “Мен жанын шығарар ем... Қазіргі балалар қатыгез, өйткені тәрбие жоқ үйден. Баланы бастан, тәрбие талбесіктен деген ұғым жоқ, екі аяқты хайуанға айналып бара жатырмыз. Жасөспірімдер жабылып сабап өлтіріп те жатыр. Ызаға булыққанда эмоцияны ешкім игере алмайды. Бұндайда өздеріңіз одан да зорын айтатын боларсыздар”, “Кім не десе о десін, бірдеңе болса, адамды азғырғанға дайын екен”, деп жазды олар. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр