Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен зауыт ашар едім": Жетісу облысының әкімі мейрамхананың ашылуына қатысқан қала басшысының әрекетін түсіндірді

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қараша айының басында қаладағы жеке мейрамхананың ашылуына қатысқан Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Фото: ОКҚ

 Өңір әкімі қала басшысымен жеке сөйлескенін айтты. 

 "Мені одан мейрамханаға барғаны туралы сұрадам.  Ол жергілікті кәсіпкердің мұнда 500 миллион теңге салғанын түсіндіріп, жергілікті кәсіпорындарды қолдау керек екенін айтты. Мемлекеттік қызметкердің этика, адамгершілік мәселелері әкімнің өзіне байланысты. Бірақ мен өз ойымды айттым, келесі жолы мекеменің ашылуын мұқият ойластыруын өтіндім", - деді Жетісу облысының әкімі.

БАҚ өкілі Бейбіт Исаевтан мейрамхананың ашылу салтанаты немесе зауыттың ашылу рәсіміне бір уақытта  қатысу керек болса, қайсысын таңдайтынын сұрады.

"Егер біз бір уақытта ашатын болсақ, онда, әрине, мен зауыт ашуға басымдық беремін", -деп жауап берді әкім. 
 

Талқылау