"Мен "Sputnik V" вакцинасын алғым келеді": Оралда науқас пен емхана директоры арасында дау туды
Оралда Sputnik V вакцинасының екінші компонентінің болмауына байланысты жанжал туды. Наразы науқас пен емхана директоры жанжалдасып қалды. Желіде жанжалдың видео жария болды.
Видеодан кадр
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан байқағанымыздай, науқас директордан неге 21 күн өтсе де дәл қазір Sputnik V вакцинасының екінші компонентін ала алмайтынын білуге тырысты. Емхана директоры дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін айтып түсіндірді. Екеуі ұрыссыз осылай әңгімелесіп тұр. Бірақ дәрігерге науқастың ұлының олардың әңгімесін видеоға түсіріп алғаны ұнамады. Ол телефонды тартып алмақ болып, оларды кеңседен шығарып жіберді.
Денсаулық сақтау басқармасы вакцина әлі жоқ екенін растады, бірақ оны бірінші компонент алғаннан бастап 45 күн ішінде жеткізуге болады. Денсаулық сақтау басқармасы келушілер медициналық қызметкерлерді қорлады деп хабарлады.
Олар вакцинация процесі тоқтамағанын айтты. Барлығын Hayat-Vax вакцинасымен егуге болады деп атап өтті.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
