“Менің өмір сүргім келеді”: Оралда мүгедектігі бар азамат жәрдемақысы күнкөріске жетпейтінін айтып жалғыз шеруге шықты
Оралда мүгедектігі бар азамат Бекболат Утебаев “Менің өмір сүргім келеді” деген плакатпен жалғыз шеруге шықты. Ол 60 мың теңге жәрдемақыға күн көру мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.
Бекболат Өтебаев отбасында екі адамда мүгедек бар екенін алға тартты. Оның үстіне ер адамның грыжасына корсет тағу керек екен. Алайда Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде оған жарты шығынды өзі төлеу керектігін айтқан.
“Мұндай жағдайға қалай тап болғанымды білмеймін. Зейнетақы мен жәрдемақы көтерілмесе де бізден бәрін төлеуді талап етуде. Ертең мүгедек болып қалудан ешкім де сақтандырмайды. Бұрын краншы болып жұмыс істедім, алты жыл бұрын айына 250 000 теңге алып, тұрақты түрде салық төлеп тұрдым. Мүгедек болған соң осы қоғамның қажетсіз қоқысына айналдым. Жұмысқа өзім баруымды, ақша табуымды талап етеді. Ал мен мұндай аурумен қалай жұмыс істеймін?” – деді Бекболат.
Біраз уақыттан кейін оған Орал қаласы прокурорының орынбасары Алмас Дунаев келді. Ол Бекболаттың әрекеті заңсыз екенін айтып, оны полицияға жеткіземіз деп қорқытқан.
Азамат Орал әкімдігіне пикетке шығу туралы хабарлама жазған екен. Бірақ оған себебін айтпастан бас тартқан.
“Тоқаевтың өзі хабарлама беріп, митингілерге шығыңыз деп айтқан", – деді Бекболат прокурордың орынбасарымен дауласып, өз ойын дәлелдеді.
Ер адам қызының да екінші топтағы мүгедек екенін айтады. Сондықтан олардың өмір сүруге ақшасы жетпейді.
“Ұзақ тұра алмаймын, ауырып қалдым. Дәрі-дәрмекке, азық-түлікке, коммуналдық қызметтерге ақшамыз жетпейді. Айына кемінде екі рет емханаға түсемін", – деп түйіндеді ол.
Кейін ер адам үйіне кетті. Ал Орал әкімдігі пикетке шығудан бас тарту себебін түсіндіруге уәде берді

"Бассейні батпаққа ұқсайды": Түркиядағы бес жұлдызды қонақүй қазақстандық отбасыны шошытты
