Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін": "Хабар" арнасы көрермен назарына ерекше жобаны ұсынады

14 желтоқсан күні сағат 16:00-де "Хабар" телеарнасынан "Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін" жобасының тұсау кесері тартады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тележоба 50 киноновелладан тұрады, олардың әрқайсысы Қазақстанның әр түкпірінен келген қарапайым адамдардың шынайы оқиғаларына негізделген. 

Жобаның бас продюсерлері - "Хабар" агенттігінің басшысы Ерлан Бекхожин және танымал сценарий авторы Бақыт Қилыбаев.

Осы жылдың  шілде айында "Хабар" агенттігі бүгінгі заманымыздың батырлары туралы белгілі бір телехикаяға негіз болатын шынайы оқиғалардың конкурсының бастау алғанын жариялады. Байқаудың қорытындысы бойынша үздік әңгімелер таңдалды, және олардың сюжет желісі бойынша кино мамандары фильмдер түсірілімін бастады.

Түсірілім процесіне Қазақстанның барлық аймақтарынан 50 шығармашылық топ ат салысты. Көрермендерге дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, курсанттардың, ұстаздардың, спортшылардың, еріктілердің ерліктері ұсынылады. 

"Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін" жобасы қазіргі шақта бізбен бірге өмір сүретін, бүгінгі күннің заманауи батырларын көрсетуге және танытуға мүмкіндік береді. 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Желтоқсан, 2020 11:08
Талқылау