Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен әзілдеп айтқан едім": Қажет Смағұл Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасының шиеленіскенін жасырмады

Танымал актер, отандық киножұлдыз Қажет Смағұл өнердегі әріптесі Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы Саумал.kz подкастына айтып берді. 

Фото: Видеодан кадр

Актердың айтуынша, алғаш рет “Әзіл әлемі” театрында өнер көрсеткен. 

“Журналистерге ренжіп жүрмін. Сол сұхбаттан кейін Тұрсынбек екеуміздің қарым-қатынасымыз суып кетті. Мен оны жамандамадым, керісінше рахмет айтып отырдым. Журналист маған "1 млн ұтқан едіңіз, соны толық алдыңыз ба?" деп сұрақ қойды. "Жоқ, толық алмадым, Тұрсынбек маған 300 мың қарыз" деп әзілдеп айттым. Соны бәрі "Тұрсынбек қарыз екен" деп жариялады. Журналистер соны бұрып алыпты. Негізі Тәкеңе рахмет айтқан едім. Әлі күнге дейін алғыс айтамын. Өте талантты жігіт”, – деді ол.



Өнер иесі одан кейін Тұрсынбек Қабатовпен кездеспегенін айтты. Тіпті кездесіп қалғанда да кешірім сұрамайтынын жасырмады. 

"Сол сұхбаттан соң Тұрсынбекпен бірге жүрген адамдар  "Тәкең ренжіп жатыр" деп айтты. Бірақ одан кейін кездеспедік. Арада қаншама жыл өтіп кетті. Қазір араласпаймыз. Ортақ таныстар өте көп. Кездесіп қалсам, кешірім сұрамайтын шығармын, бірақ рақмет айтамын", – деп ақталды актер. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 15 Наурыз, 2024 17:17
Талқылау