Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту: Басқа қызметкерлердің жалақысы қаншаға өседі

Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту арқылы, төменгі деңгейдегі қызметкерлердің жалақысы өсетін болады. Бұл туралы экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

Министр онлайн баспасөз маслихатында мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту нәтижесінде, басқалардың жалақысы тағы 15 пайызға өсетінін айтты. Төменгі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жыл сайын өсіп отыратыны белгілі болды. 


"Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту керек болады. Нәтижесінде төменгі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтерілетін болады. Былтыр бұл көрсеткіш 25 пайызға өскен болса. Штатты қысқартқаннан кейін ең аз дегенде тағы 15 пайызға өседі деп жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді Дәленов. 

Мемлекет басшысы шенеуніктердің санын 25%-ға қысқартуға бұйрық берді. Бұған қоса ол қалған шенеуніктердің жалақысы артатынын жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр