Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері Алматы әкімінің орынбасарын тексереді
Полиция Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевты дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тарту туралы алматылық Светлана Дружининаның өтінішін жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырды. Бұл туралы онлайн-брифингке Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мұны анықтау үшін прокуратураға жібердік. Бұл өтініш сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберіледі", - деді ол.
Бұған дейін Светлана Дружина өзінің Facebook парақшасында полиция департаментінің қызметкерлеріне шағымданғанын айтқан болатын. Ол арызының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне әдейі енгізілмегеніне сенімді.
"Мен тергеу сотына ПД-нің тергеу басқармасының лауазымды тұлғаларының арыздарын СДТБТ-ға тіркеуден жасыру және Әуезов ауданының ПБ-не жіберу фактісі бойынша әрекеттерін заңсыз деп тану, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге кірісу, сондай-ақ тексеру жүргізу және кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту үшін прокуратураға жеке қаулы шығару талаптарымен шағым жолдадым", - деп жазды ол.
Светлана Дружинина 23 шілдеде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы полицияға арыз берді. Оның пікірінше, шенеунік шілде айының ортасында Алматының дәріханаларында дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы айтқан кезде жалған ақпарат таратқан.
Еске сала кетейік, 13 шілдеде Сапарбек Тұяқбаев онлайн-брифингте қалада дәрі-дәрмек жеткілікті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, "осыған байланысты кейбір адамдар хайп қуып жүр".