Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мемлекетке опасыздық жасады" деп айыпталған Кәрім Мәсімовте Венгрияның азаматтығы болған

Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, қаңтар оқиғаларынан кейін қамауға алынған Кәрім Мәсімов пен оның отбасы мүшелерінде венгр азаматтығы болғанын растады. Бұл жөнінде Ұлысмедиа сайты жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кәрім мәсімов

Сайт Орбанның бұл ақпаратты қайда айтқанын нақтыламаған. 

"Мемлекетке опасыздық жасады" деп айыпталып, түрмеде отырған Кәрім Мәсімовтің үш баласы бар екенін айта кетейік.

Дереккөз сонымен қатар 10 қарашада Самарқандтағы Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбанның кездескенін еске салады. Алайда Орбанның бұл ақпаратты сол кездесуде айтқанына нақты дәлел жоқ.



Еске салайық, Кәрім Мәсімов қаңтар айының басында мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған. Қаңтар айының соңында ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі құпия болып, сот оларды қамауға алуға санкция бергенін хабарлады. 10 наурызда департамент Мәсімовтен тәркіленген миллиондар, зәулім үйлер мен қымбат көліктер туралы айтты. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шілденің 13-і күні Кәрім Мәсімовтің ағасы, Павлодар облысы бойынша ДП-ның бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекаралас аймақта ұсталды.

Айта кетейік, Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты сот отырысы жабық жағдайда өтеді деп күтілуде.

Тамыз айының соңында Мәсімовке қатысты тергеу аяқталды. Бұған дейін ҰҚК экс-басшысының ісі сотқа жіберілгені белгілі болған.

Талқылау