Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет Шымкент әуежайын сатып жібермекші

Шымкент әуежайы 5,2 млрд теңгеге аукционға қойылды. Тиісті хабарландыру мемлекеттік мүлік тізілімі сайтында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аэропорт

Әуежай саудаға 8 қазан күні түспек. Әуежайдың 100%-дық табысы тұтасымен сатып алған үлескердің қолына тимек. Қазіргі таңда Шымкент әуежайы қаланың қаржы басқармасына тиесілі көрінеді. 

Айта кетейік, әуежайды сатып алған азаматқа ғимарат мен жер үлесінен бөлек, 80-нен астам автокөлік (оның ішінде Toyota Corolla маркалы 3  автокөлік, Toyota Land  Cruises 200 маркалы 2 көлік, Land Rover Discovery маркалы 1 темір тұлпар бар). Дегенмен сатып алушы үлескер нысанға 6 млрд теңге инвестиция құюы керек болады. Бұл қаражат терминалдың жаңартылуы мен жаңа құрал-жабдықтардың сатып алуына жұмсалмақ. 

Еске салайық, бұған дейін "Scat" әуекомпаниясы Шымкенттегі әуежайға жаңа терминалы салатыны белгілі болған еді. Оның құрылысы 2020 жылдың қазанында аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарланыпты. 

Талқылау