Мемлекет басшысы Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге байланысты пікір білдірді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тағы жағдайға қатысы ойын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлбетте, бүкіл әлем сияқты Қазақстан да Америка Құрама Штаттарында орын алған жайтты жіті бақылап отыр. Сайланған Президент Джо Байден жасаған қорытындымен келісу қажет деп санаймын. Америкалық демократияның қамалы – Капитолияны басып алу заңсыздық экстремизм екендігі сөзсіз. Заңсыздық пен экстремизмге қатысты тиісті шара қолданылуы тиіс. АҚШ Президенті Джо Байден жасаған қорытынды өзге де елдерге қатысты қолданылады деп үміттенемін. Және де бұл қорытынды әмбебап болады", - деді Тоқаев.
Бұған қоса, ол екі ел арасындағы байланыс жайлы сөз етті.
"АҚШ 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды. Сондықтан біздің тарапымыздан өзара қарым-қатынастарымызда жинақталған барлық позитивті сақтауға және алға жылжуға қажетті күш-жігер қабылданады", - деді мемлекет басшысы.
Айта кетейік, 7 қаңтарда АҚШ-та Трамптың жақтастары Вашингтондағы Капитолияға басып кірген еді. Елдегі тәртіпсіздіктер елдегі конгресстің Байденді президент етіп бекіткеніне байланысты басталған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
