Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті құттықтады

Ербол Хамитов Фото:ҰПК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында алтын жүлде жеңіп алған биатлоншы Ербол Хамитовті құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент спортшының табандылығы мен мықты ерік-жігерінің арқасында қиындықтарды еңсеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті. Оның бұл жетістігі үлкен құрметке лайық екені айтылды.


"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?


Михаил Шайдоров Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті қазақ тілінде құттықтады


Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болған Ербол Хамитов бұған дейін Паралимпиадада шаңғы жарысынан қола жүлде жеңіп алған.

Мемлекет басшысы спортшыға алдағы уақытта да жаңа жеңістер, сарқылмас күш-қуат және мықты денсаулық тіледі.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 13 Наурыз, 2026 21:06