AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мектепті құлатып кеткен": БҚО-да тасқыннан бірнеше ауылға қауіп төнді

Еліміздің батыс өңірінде тасқыннан бірнеше ауылға қауіп төнді. Қырдан аққан су Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауданындағы мектепті құлатып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Шалғын деген шағын ауылдың тұрғындары су бағытын бұруға бар күшін салған. Трактормен құм тасып жолын бөгеуге де тырысыпты. Бірақ ішіне су толған ескі мектептің бір бөлігі ақыры ылғалға шыдамай құлады. Ішіндегі бар мүлкі де бүлінді. Суға малынған кітаптар мен құжаттарды мұғалімдер жинап алып, үйіне алып кеткен.

Ал Атырау облысындағы Ноғайты өзені арнасынан тасып Сағыз ауылын әбігерге салды. Жағалауға жақын 60 үйдің тұрғындарын дереу көшіруге тура келді. Оларға орта мектеп пен колледжден түнейтін орын дайындалғанымен, ол жаққа барудан барлығы бас тартты. Ауылдағы ағайындарының үйіне кеткен.

Ноғайты Сағыздың қақ ортасынан ағады. Жаз бойы құрғап жататын бұл өзен соңғы 10 жылда үш метрге дейін көтеріліп, алғаш рет арнасынан тасыды. Тасқыннан қауіптенгенімен, жыл сайын қуаңшылықтан қиналған халық бұған қуанып отыр.

“Автокөлік тас жолын жасап жатқан мердігер мекемелер, ауыл тұрғындарының күшімен су келіп жатқанда өзеннің екі жағына дамбы соғылды. Үйлерге қауіп төнген жоқ. Су басқан жоқ”, – дейді Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы Жантөре Демешов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр