Мектеп түлектері Қазақстан тарихынан емтиханды қалай тапсырады? Министрлік түсіндірді
Биыл 11-сынып түлектері Қазақстан тарихынан ауызша емтихан тапсырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың сөзіне сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, биыл да мектеп бітірушілер әдеттегідей бес емтихан тапсырады. Емтихан пәндерінің өзінде және тапсырмалардың мазмұнында өзгерістер болмайды.
"Биыл түлектер Қазақстан тарихынан ауызша емтихан тапсырады. Бұл мәселе соңғы жылдары жиі айтылып жүр. Бұл тарих пәнінің мұғалімдері үшін жаңалық емес", - деді вице-министр.
Ол Қазақстан тарихы пәнінен емтиханның ауызша форматына көшуіне байланысты ҚР білім және ғылым министрлігіне бірқатар ұсыныстар түскенін, алайда тек форматы өзгергенін айтты.
Шолпан Каринованың айтуынша, емтиханға да, тестілеуге де арналған тапсырмалар оқу бағдарламасы аясында әзірленген. Қосымша тапсырмалар болмайды. Сонымен қатар, Қазақстан тарихынан ауызша емтихан тапсыру тәжірибесі, яғни билет бойынша емтихан тапсыру бұрыннан қалыптасқан.
Елімізде "Алтын белгі" үміткерлеріне деген талап қатаңдатылды