Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп кезінен жауласқан: Алматы облысында болған адам өлімінің себебі анықталды

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында болған кісі өліміне қатысты деректер жарияланды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жанжал қайғылы оқиғадан бұрын басталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

желіде таралған видеодан кадр

“Жаншалға қатысушылардың мектеп кезінен араздық танытып, бір-бірін жек көретіндігі анықталды. Соңғы жанжал кезінде күдікті қару қолданған. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды”, – деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметінде.

ҚР Ішкі істер министрлігі Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынғанын хабарлады. Қазір облыс полицейлері күдіктілерді іздестіру мақсатында арнайы іс-шаралар жүргізуде.


Алматыда бұрынғы әйеліне шабуыл жасаған ер азаматқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған 


Еске салсақ, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оққа ұшқан үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Облыстық полиция қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Талқылау