Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бұрынғы әйеліне шабуыл жасаған ер азаматқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған

Алматы ПД автобуста әйелге шабуыл жасаған ер адамның ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пышақтаған

Полиция мәліметінше, 1 тамызда автобуста әйелге жасалған шабуыл бойынша ҚР ҚК-нің “Атыс, газ, қаруын, пышақ немесе кастет және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған бұзақылық” 293-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалғанын мәлім етті. 

"Істің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Прокуратурамен келісе отырып, күдіктіге қатысты  қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылданып, ер азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижелері бойынша күдіктінің әрекетіне баға беріліп, қылмыстық құқық бұзушылықтың квалификациясы анықталады", - делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірмек болып, пышақпен шабуыл жасағаны айтылған едіЖаға ұстатарлық видео әлеуметтік желіде жарияланды. Автобустағы өзге жолаушылар әйелді ажалдан алып қалған еді. 


Алматы әкімі автобуста әйелді құтқарып қалған ер адамды марапаттады

Талқылау