Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медицина университеті студенттерінің IELTS сертификаттарының жалған екенін қалай білген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Талғат Есенқұлов Астана медицина академиясының студенттерінің жалған IELTS сертификатын қолданғанын қалай анықталғанын айтып берді.

Медицина университеті студенттерінің IELTS сертификаттарының жалған екенін қалай білген

Бұл туралы Талғат Есенқұлов ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады Stan.kz  ақпарттық агенттігі.

«Бүгінгі күні анықталған бұзушылықтар туралы барлық материалдар сотқа жіберілді. Себебі шешімді тек сот билігі ғана шығарады. Қазіргі уақытта сот шешімін күтіп отырмыз. Тұтастай алғанда, сіздер дұрыс ақпараттан хабардар болсын деп, жалған сертификаттың қалай анықталғаны туралы түсініктеме бергім келеді. Өткен жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті осы мекеменің үстінен тексеру жүргізді. Бізге осындай қылмыстардың болуы мүмкін деген белгі келді. Бақылау орнына барған кезде 110 жалған куәлікті анықтадық. Онда әкімшілік хаттамалар әзірленіп, жою туралы нұсқаулықтар шығарылды»,- деді Талғат Есенқұлов ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, алты айдан кейін екінші тексеру жүргізілді. Олар тағы осындай жалған жеті сертификатты анықтаған.

«Бүгінгі күнге дейін 117 стурденттің осындай жалған сертификатпен оқуға түскені анықталды. Олардың 77-і осы университетте әлі оқып жатыр. Бірақ олар қазірдің өзінде оқудан шығарылады. Сот шешімі бойынша толық жауап болады деп ойлаймын», – дейді Есенқұлов.

Оқи отырыңыз:

Батутқа тыйым салынсын: Астанада ата-аналар көшеге аттракцион орнатуға ресми түрде тыйым салуды сұрады

Қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуды сұрады

Оралдық азамат енесін атып өлтіріп, қайын атасын жарақаттаған

Бұл өтірік өмірден шаршадым: Жамбылда өз үйінде асылып өлген ревизордың әйелі күйеуінің ақырғы хатын оқып берді

Талқылау