Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батутқа тыйым салынсын: Астанада ата-аналар көшеге аттракцион орнатуға ресми түрде тыйым салуды сұрады

Астанада ата-аналар көшеге батут орнатуға ресми түрде тыйым салуды сұрап отыр. Ата-аналар жиі қатты жел соғатын Қазақстанның мұндай өңірлері батут орнатуға жарамайды деп санайды.

Батутқа тыйым салынсын: Астанада ата-аналар көшеге аттракцион орнатуға ресми түрде тыйым салуды сұрады

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Олар бұл тұжырымға Астанадағы «Жаннұр» сауда орталығында болған оқиғадан кейін келді. Төтенше жағдайлар қызметінің дауыл ескертуіне қарамастан, батут қалыпты тәртіпте жұмыс істеген. Нәтижесінде, қатты желдің салдарынан батут аударылып, бес бала зардап шекті. Ауруханаға түске бес бүлдіршіннің біреуі  әді күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр.

Бес бала батуттан аударылған төтенше жағдайдан кейін алты күн өткен соң Астанадан ауа толтырылған аттракциондарды сирек кездестіруге болады. Олар қауіпсіздікті тексеруден немесе ата-аналардың шағымынан қорыққандықтан ба, әйтеуір жоқ болып кеткен. Ал аналардың біреуі көшедегі осындай аттракциондарды қоюға мүлде тыйым салу керек деп талап етіп отыр.

«Өз тарапымнан, ана ретінде – оларды көшеде орнатуға мүлде тыйым салу керек деп санаймын. Біріншіден, олар өте кір. Екіншіден, мұндай батутты жел көтеріп кетуі бірінші жағдай емес. Үйдің алдында қатты жел соғып, батутты ұшырып әкетті. Өкінішке орай, осындай жағымсыз жағдай орын алды. Бұл оқиғадан көп бала ауруханаға түсті»,-дейді Астана қаласының тұрғыны Наталья Белянина.

«Шынымен де, мұндай батутты көшеде орнатудың керегі жоқ сияқты. Қазір біздің елде батут саябағы ашылып жатыр, іс жүзінде олар әр қалада бар»,- деді Астана тұрғыны Ольга Бодрова.

Ойын алаңдарындағы осындай оқиғалар маусым сайын бірнеше рет орын алып жатады. Бір жыл бұрын Павлодарда шулы оқиға болды. Сонда резеңкеден жасалынған құрылғы анасымен сәбиін өлтіріп қоя жаздады. Өкінішке орай, параметрлері қауіпті деп есептелетін бұл аттракциондардың сапасын ешкім бақылап, тексермейді.

«Заңда да, департаментте де осы секілді аттракциондардың қызметін бақылау функциясы жоқ»,-дейді Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Еркін Отырғалыұлы.

Бүгінде құтқарушылар қауіпсіз батутты қалай анықтау керектігі жөнінде тек кеңес бере алады. Бірінші кезекте ауа толтырылған құрылғы арнайы сыммен ағашқа немесе бағанаға байлаулы болуы керек. Ал негізгі бекіткіштер төменгі жағында орналасқан екен. Онда арнайы бұрандалар асфальтқа мықтылап бекітулі болады. Бірақ, ең бастысы – батутта әрдайым төтенше жағдайлар бойынша арнайы нұсқаулары бар жауапты қауіпсіздік қызметкері болғаны жөн.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуды сұрады

Оралдық азамат енесін атып өлтіріп, қайын атасын жарақаттаған

Бұл өтірік өмірден шаршадым: Жамбылда өз үйінде асылып өлген ревизордың әйелі күйеуінің ақырғы хатын оқып берді

Ақмола облысында ескерткішке қойылған гүл шоқтарын бірнеше сағаттан кейін қайта алып кеткен 

Талқылау