AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты ұшақ бортында адамның өмірін құтқарып қалды

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов Алматыдан Сеулге ұшқан ұшақ бортындағы ер адамның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

"Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов 30 сәуірде Алматыдан Сеулге ұшқан жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс алды. Бүгін Мәжілісте депутатқа "Эйр Астана" әуе компаниясының президенті Питер Фостердің атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды”, - делінген хабарламада.

Оқиға 2022 жылдың 30 сәуірінде Алматыдан Сеулге ұшып бара жатқан ұшақтың бортында болған. Жолаушылардың бірінің қысымы түсіп, есін жоғалта бастаған. Стюардессалар жолаушылардан салонда медицина қызметкерінің бар-жоғын сұрапты. Кейін белгілі болғандай, шетелге іссапарға кеткен мамандығы бойынша дәрігер, Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов көмекке келген.

"Қиын жағдайға қарамастан, Мәжіліс депутаты жолаушыға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білді. Адам ес-түссіз, клиникалық өлім жағдайында жатқан, қан қысымы мен тамыр соғысы сирек болған, сондай-ақ науқасты шұғыл түрде реанимаци бөлмесіне алынуы керек еді. Мәжілісмен жолаушының жүрек жұмысын қалыпқа келтіріп, жағдайын жақсарта алды. Осылайша ұшақты жақын маңдағы қалаға шұғыл қондырудың қажеті болмады. 37 жастағы ер адамның жағдайы тұрақтанды", - делінген баспасөз хабарламасында.



Ғалымжан Елеуов 1978 жылы 10 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Жоғары медициналық және жоғары заң білімі бар. Медицина ғылымдарының кандидаты. 2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын хирургия мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы елордадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың аспирантурасында оқыды. 2008 жылы елордадағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Ол 2021 жылы Мәжіліс депутаты атанды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр