Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Асқар Мәминді халық алдында жауап беруге шақырды

Екі ай каникулдан оралған депутаттар премьер-министр Асқар Мәминді парламентке шақырды. Олар коронавируспен күрес кезінде жіберген қателіктері үшін үкімет халық алдында жауап берсін дейді. Мәжілісмен Нұржан Әлтаев үкімет басшысы Қазақстанда коронавируспен күрестің қалай жүргізілгені, қыруар қаржының қайда кетіп жатқаны туралы есепті парламентке өзі кеп жасасын деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Денсаулық сақтау министрін орнынан алып тастадыңыздар, сонымен болдаы ма? Ал болған жағдайға кім жауап береді. Біз мемлекеттік органдардың азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған шарасыз күйін көрдік. Мұның бәрі әзерленбегендіктің, ұйымдастырмағандықтың кесірі, пандесия кезінде халық өз бағасынан 10 есе қымбат дәрілерді өздері алуына тура келді", - деді депутат Нұржан Әлтаев.

Мемлекет коронавируспен күреске, жалпы экономикалық-әлеуметтік жағдайға алты айда 7 трлн теңге жуық ақша жұмсаған. Ал депутат оған дейінгі кезеңде миллиардтаған ақшаның қайда кеткенін түсінбейміз дейді. 

Сондай-ақ, депутат қолдан жасалған дәрі тапшылығы мен ауруханаларда орын жетіспеуі үкіметтің эпидемияға дайын болмағанын көрсеткенін айтты

Нұржан Әлтаев екі ай бұрынғы жағдай, науқастар санының күрт өсуі билекке деген сенімсіздікті одан әрі арттырды деген пікірде. 

Мәжіліс депутаты премьер-министрге жолдаған сауалында Асқар Маминнен COVID-19-бен күрес, коронавирустан көз жұмғандар, ушыққан жағдайдың себептері туралы парламентке келіп, депутаттар және халық алдында есеп беруін сұрады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2020 13:37
Талқылау