Майғазиев сапардан оралғанда қыздарының қалай күтіп алатынын айтып жұрттың жүрегін елжіретті
Сәкен Майғазиев гәстрөлдік сапардан оралған соң өзін қыздарының қалай күтіп алатынын айтып жұрттың жүрегін елжіретті.
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бүгінде әнші жұбайымен бірге бір ұл және екі қыз тәрбиелеп отыр. Раяна мен Мәриям әншіні әр гәстрөлдік сапардан кейін “Әке, үйге неге келмейсің?” деген сөздермен қарсы алады екен.
“Мені көрмегеніне он күн болған қыздарым “Әке, үйге неге келмейсін?” деп назын бідіргенде, жүрегің есіліп қоя береді. Ата-аналары мен бала-шағаларын, ата-әжелері мен немере-шөберелерін сағыныш деген сезіммен жіпсіз байлап қойған құдайдың құдіреті қандай күшті”, – дейді әнші.
Желі қолданушылары әншінің қыздарына ыстық лебіздерін жеткізіп, Мәриямды әншінің өзіне ұқсатты. “Өздері сондай тәтті. Раяна анасына, Мәриям сізге ұқсаған екен”, “Өзіңізді сағына күтетін жақын адамдарыңыз бар. Нағыз бақытты жан деп сізді айтуға болады”, “Алла сол құшақтарыңды ажыратпасын. Өзі жар болсын! Бақыттың базарында, Алланың назарында болыңыздар! Бар жақсылықты тіледім”, “Келіншекке деген сағыныш, тіпті, бөлек шығар” деп жазады желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртас: Орысша еркін сөйлеймін. Өйткені, Алматыда 27 жыл тұрдым
Қайрат Нұртас: Менімен дуэт орындағаны үшін Нюшаға ештеңе төлеген жоқпын