Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Матрастың барлығы су": Жолаушылар Семей-Жалаңашкөл бағытындағы пойыздың жағдайына шағымданды (видео)

Жолаушылар Семей-Жалаңашкөл бағытындағы пойызды жауыннан кейін су басқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

вагон

Желідегі видеодан жаңбыр суының терезе арқылы вагонға ағып жатқанын көруге болады. 

"Біздегі вагондар осындай. Сыртта жаңбыр жауды, ал вагон іші су. Барлық матрас дымқыл", – дейді жолаушы.

Ал "Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметі бұл жағдайдың 28 шілдеде болғанын мәлімдеді. 

"Пойыз бригадасының қызметкерлері барлық шараны қабылдады. Вагон 1984 жылы құрастырылған, былтыр барлық жоспарлы жөндеу жұмыстарынан өткізілді. Бұған дейін техникалық жағдайына байланысты шағым түспеген", – делінген баспасөз қызметінің жауабында. 

Компания өкілдері мердігер компанияның вагонды жөндейтінін хабарлады. 

Талқылау