Математиктер қазақстандықтың “сенсациялық” есепті шешуін жалған деп атады
Европалық математикалық қоғамдастықтың президенті Павел Экснер қазақстандық Ақылбек Көпжасаровтың әлемдегі ең қиын үш есептің бірінің шешімін табуын жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Мен Филдсов сыйлығы комитеті атынан сөйлемеймін, алайда кез-келген жұмыс стандартты эксперттік тексерістен өтуі тиіс. Бұл адамның өтірікші немесе біреу әзілдеді ме білмеймін, бірақ шешімді Европалық математикалық қоғамдастықтың растады дегендері – бұл енді өтірік. Мұндай мистикаға орын жоқ”, – деді Павел Экснер.
Еске салсақ, қазақстандық БАҚ атыраулық 20 жастағы Ақылбек Көпжасаровтың әлемдегі ең қиын үш есептің бірін шешіп тастағанын жарыса хабарлаған болатын. Тіпті, есептің дұрыстығын Европалық математикалық қоғамдастық пен Филдсов сыйлығы комитеті де растады делінген.
Оқи отырыңыз:
Атырауда бағасы 6 миллион теңге тұратын балық ауланды
Әйгілі «Челси» немесе «Милан» командалары Астанаға келіп Қазақстан құрамасымен ойнамақ
Петербордағы жарылыстан соң Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді