Руслан Берденовтың орнына мәжіліске жаңа депутат тағайындалды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденовтың орнына мәжіліске жаңа депутат келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коллаж: Stan.kz
Respublica партиясының фракциясына жаңа депутат тағайындалды.
Партия өкілі Бейбіт Әлібековтың айтуынша, мәжілістегі жаңа депутат болып Екатерина Смолякова тағайындалды. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) проректор қызметін атқарады және қазақ тілін жетік меңгерген.
Депутат Берденов ақталып шықты: Сот букмекерлердің шағымында негіз жоқ деп тапты
"Екатерина Смолякова – біздің жаңа депутатымыз. Ол ҚБТУ-да проректор болып жұмыс істейді және қазақ тілін мінсіз меңгерген", – деп таныстырды Әлібеков.
Еске салсақ, осыған дейін парламент мәжілісінің депутаты Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын жазғанбыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген